Текст
Дене шынықтыру пәні бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Хабылхан Мейрам 2022 оқу жылының ІІІ тоқсандық әдістемелік бірлестік мүшелерінің атқарған жұмыстарына талдау жасады. Қазіргі уақытта біздің мектеп 46 мектеп ішінде оқушылар спартакиадасында II орын нәтижесін көрсетіп отыр. Қысқы президенттік көп сайыс жарысы және оқушылар спартакиадасында біздің оқушылар жоғары көрсеткіш көрсетіп, бес оқушы ауданда алдыңғы орындарға ие болып, бір оқушымыз облыстық сайысқа қатысып келді. Алда сәуір айының 5-15 аралығында мектепшілік тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату ойындарынан жарыс ұйымдастырылады. Келесі мәселе бойынша аттестаттаудан өтетін мұғалімдерді ережемен таныстырып өтті.