"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоянды орта мектебі бойынша ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары

10.04.2019

2018-2019 оқу жылында қыркүйек айынан бастап Жаппай білім қорынан аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан және жетім оқушыларға ыстық тамақ беріле бастады. І-тоқсандық қорытынды да мектебімізде 2783  оқушы, оның ішінде 296 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

      Асханада ас дайындау және тамақтану бөлмелері, ыдыстар тазалығын, балалардың келуін (тәртіп және кезекшілік), тамақтану тәртібін сақтау күнделікті тексеріліп отырады. Сонымен қатар залалсыздандыру  құралдарының  жалпы саны және қолданылуы, асханада эстетикалық безендірілуі үнемі бақылауда. Санитарлық талаптарға сай жабдықталған:  3 дана электроплита,  3 дана мұздатқыш, 2 дана тоқшәйнек бар.

       Асхана қызметкерлерінің талапқа сай  киімдері бар. Тазалық сақталады. Күнделікті ас мәзірі медицина қызметкерімен қадағаланады.

       Қоянды орта мектебінде тегін тамақтанатын оқушылар саны 296, және 30 демеуші арендатор Н. Дүйсенова есебінен тамақтанады.

 

 

                                                            Әлеуметтік педагог:                  А. Сабигат

Просмотров: 946


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст