Қоянды №1 ЖОББМ-де үлкен ҚУАНЫШ!!!
Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-шебер Жакенова Гүлмира Дулатбековна Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің қолынан кәсіби міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін "Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" төсбелгімен және 800 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлеммен, яғни 2 333 600 теңге сертификатымен марапатталса, дене шынықтыру мұғалімі, әлемнің үш дүркін чемпионы Нұрланұлы Бекбол облыстық жас педагогтер форумына қатысып, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, амандық тілейміз!