Қоянды №1 ЖОББМ бүгін «Өткен мен бүгін сыр шертеді » тақырыбында тарихи квест сайысы ұстаз бен оқушылар арасында жүргізілді. Мақсаты: Тарихи танымдылыққа, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа мүмкіндік тудыру. Ойын барысы 3 кезеңнен ойнатылды. Кітапханадағы тарихи кітаптардан сұрақтарға жауап іздеу, ауыл мен мектеп тарихынан сұрақтар беріп жауап алу және тәуелсіздік туралы нақыл сөздермен мақал -мәтелдерді жасырылған орындардан іздестіріп тауып мағанасын ашу.
Сайыс қызықты да көңілді болды. Қатысушылар өте белсенді қатысып ризашылықтарын білдірді.
Қорытынды нәтижесінде: 1- орын Аскер Бақшагүл/ мұғалім/
Күмісбек Аяулым /11Ә/
2- орын Аширбекова Жанар / мұғалім/
Бейсенбаева Аружан /10Ә/
3- орын Көкенай Жайнагул / мұғалім/
Әзім Шұғыла /11 А/
Барлық қатысушылар сый сияпат ,марапаттарға ие болды.
Ұйымдастырушы Зандыбай С. Көкенай А. Үрпек Н мұғалімдерге рахметімізді білдіреміз. Осындай қызықты да тартымды іс шаралар жалғасын таба берсін.