«Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазу туралы есеп.
29.11.21-02.12.21 күні аралығында 2-11-сыныптарында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Диктанттың мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.
2-сыныптарда «Менің елім», 3-сыныптарда «Отан», 4-сыныптарда
«Тәуелсіз Қазақстан» , 5-сыныптарда «Менің Отаным», 6-сыныптарда «Туған жер», 7-сыныптарда «Туған жер – тұғырың», 8-сыныптарда «Менің елім»,
9-сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан», 10-сыныптарда «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз», 11-сыныптарда «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында диктант жазды.Диктант жазуға оқушылар қатысты.
2-сынып бойынша – 218/190оқушы
3-сынып бойынша- 200/185оқушы
4-сынып бойынша- 246/235оқушы
5-сынып бойынша- 183/165оқушы
6-сынып бойынша- 190/182оқушы
7-сынып бойынша- 191/185оқушы
8-сынып бойынша- 145/135оқушы
9-сынып бойынша- 147/137 оқушы
10-сынып бойынша- 74/68оқушы
11-сынып бойынша- 55/49оқушы