«Жаңашыл бағалаудың ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында өткізілген аудандық семинар.
Мектебіміздегі аптаның ағымды жарышысы болған Тарих апталығына дөп келген аудандық семинарды «Жаңашыл бағалаудың ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында қазақ –тілі мен тарих пәні ұстазадары жаңашылдықтың жаршысы болып,өз тәжірибелерін көрсетті.Семинардың мақсаты:Тәжірибе алмасу,сабақта оқушыларды ынталандыру мақсатында бағалаудың ең оңтайлы және тиімді түрлерін оқу процесіне енгізу.Семинардың ашылуы –кешегі күні өрнектеген өмірін ұрпақ тәжірибесіне арнаған аға ұстаз Ахметова Баян Бөрібайқызының есімі ұмытылмайды,ұлықталады,жүрегімізде мәңгі сақталады –деп үнсіздікпен еске алумен басталды.Мектеп директоры сөз алып,семинар жоспарымен таныстырды.Екі пәннен тоғыз ашық сабақ,екі сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сабақтар өте жоғары деңгейде өткенін,ұстаздардың жаңашыл тәжірибелері мен қолданылған ерекше әдіс-тәсілдер көрсеткенін ауданымыздың аға әдіскері Айнур Далабаевна айқындап айтып,әр өңірден келген ұстаздар сабақ барысын талдап,заманауи бағытта өтіліп жатқанына куә болып,өздеріне қажетті оқу үрдісіндегі тиімді жаңалықтарын алғандарын айтты.