Текст
Көпбалалы аналарға қолдау көрсету мақсатында «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тіршіліктің күре тамырын жалғастырушы, өмірдің өзегі ардақты аналарымыз деп жатамыз. Ана болу – бір бақыт, ал көпбалалы ана атану – нағыз ерлік.
Аталған іс-шараға ауылымыздың алтын құрсақты көпбалалы аналары шақырылып, дөгелек үстел аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амантай Дәлелханұлының алғы сөзімен басталып, көпбалалы аналарымыздың тілектері мен ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Мектебіміздің психологы Баймаганбетова Асемгуль қонақтарға арнап түрлі тренингтер өткізді.
Ұйымдастырушылар: Әлеуметтік педагог Тамаша Мусақызы. Айым Сабиғатқызы. Еркебулан Бақытқызы.