Қоянды №1 ЖББО мектебінде 11.11.2021 жылы қамқоршылар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары арасында «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты қамқоршылар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Әлеуметтік педагогтердің ұйымдастыруымен қамқоршылар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына және үйде оқитын оқушыларға арнайы сыйлықтар берілді.
Іс-шарамызға қолдау көрсеткеніп, демеушілік танытқан мектебіміздің қамқоршылық кеңесіне, өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне, орыс тілі пәні мұғалімі Таукжанова Гүлнарға, бастауыш сынып мұғалімі Жуланова Жанарға алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырушылар: Сабигат Айым, Муса Тамаша.