Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы, халық жүрегінен орын алған поэзия падишасы-Фариза Оңғарсынова апамыздың өнерін оқушыларымыздың бойына сіңіру, дәріптеу мақсатында мектепішілік "Фариза оқулары" жылда әдеттегідей 3 номинация бойынша өтіп, 1орын алған оқушылар аудандық оқуларға қатысып өздерін сынап жатады. Міне бүгінде мектепішілік оқуларға қатысып "Мәнерлеп оқу" жанры бойынша 1-орын алған 8"Ә"сынып оқушысы Сьезұлы Ерсұлтан, "Шығармашылық жанры" бойынша 1-орын иеленгендер 9"Ғ" Бақытқызы Әсемай, 7"Е" Қақан Перизат. "Ән көңілдің ажары" номинациясы бойынша 1-орын алған Хабай Жаннұр. Және де бүгінгі күнде яғни қарашаның 5-і аудандық Фариза оқуларына қатысып 1-орынды 8"Ә"сынып оқушысы Сьезұлы Ерсұлтан жетекшісі: Кенжетай Бердігүл, 9"Ғ" Бақытқызы Әсемай жетекшісі: Мекебай Назигуль және 2-орынды қанжығасына байлаған Хабай Жаннұр жетекшісі: Нығмет Ардақ. Осы оқушыларға және дайындаған ұстаздарына алғысымызды білдіреміз. Мектебімізде тек осындай мықты, үздік шәкірттеріміз көп болып ұстаздарымызды осындай зор қуанышқа бөлей берсін әрқашан. Ұйымдастырған: Каражигитова Г. Б және Джунусова Г. Х.