12.10.2021
Қоянды №1 жалпы білім беретін орта мектебінде 04.10-08.10.2021 аралығында математика апталығы өтті. Апталық онлайн және оффлайн форматта өткізілді. Бұл апталықта жоспарға сай көптеген іс шаралар, сонымен қатар ашық сабақтар өткізілді.
Дүйсенбі, яғни 04.10 күні апталықтың ашылуына орай мектептің екінші қабатындағы дәлізде « Математика -ақыл ойдың әуені » атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге мектеп оқушылары белсене қатысып, сөз жұмбақтар, ребус, цифрограмма, қабырға газеттерін дайындап ілді. Және де бұл көрменің бір бұрышы мектептің математика пән бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктеріне арналды. Көрмеге ұстаздардың «Білім және Ғылым министрлігінен», облыс, аудан, мектепшілік атынан марапатталған құрмет граммоталары, алғыс хат, мадақтамалар, сонымен қатар мұғалімдердің авторлық бағдарламалары және әдістемелік құралдары қойылды. Жалпы бұл бірлестіктегі ұстаздардың жетістіктері жыл санап өсуде. Ауданнан «Үздік педагог-2018» сайысынан бас жүлде, облыстан «Үздік бестік» қатарынан Хадыс Амангул, «Үздік педагог-2019» сайысынан бас жүлде, облыстан бірінші орын иегері Дауыл Ұлан ұстаздарымыз мектепке үлкен мәртебе қуаныш әкелді. Сонымен қатар биылға оқу жылында «Білім және Ғылым министрлігі» алғыс хатымен Оган Орнек, Озгерис Асемгул, «Облыстық білім бөлімі» құрмет грамотасымен Батай Айтжан, «Аудан білім бөлімі» алғыс хатпен Съезхан Лена, аудан әкімінің алғыс хатымен Хадыс Амангүл, мектепшілік мадақтамамен Сахитхан Дамен, Ибраева Асем Сайлаубековна, Рахметолла Бақытнұр марапатталды.
Сейсенбі күні (05.10) апталықтың алғашқы ашық сабақтары өтті. Алғашқы сабақ бірлестіктегі білікті аға ұстаз- Нұрсапа Мапиза апай 10 «Б» сыныбында «Кеңістіктегі түзулердің параллелдігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі , ұстаздар және жас мамандар қатысты. Ашық сабақтар жоғарғы деңгейде өткізіліп сәрсенбі, бейсенбі күндері жалғасын тауып жатты. Бірлестіктегі әр мұғалім ашық сабақтарында өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Атап айтатын болсақ, Оган Орнек өз сабағында « Төңкерілген сабақ» тәсілін қолданып тәжірибесімен бөлісті. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
Аптаның сәрсенбісінде математика бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары арасында «Миллион кімге бұйырады?» логикалық онлайн жарыс өткізілді. Жарысқа мектеп ұстаздары белсене қатысып, нәтижесінде 1-орын Коментай Гүлар, 2- орын әкімшілік арасынан Тілеухан Аягөз, 2-орын Толеубаева Алия, 3- орын Муздыбаева Айнур иеленді.
Бейсенбі күні 6-7 сынып оқушылар арасында бірлестік жетекшісі Озгерис Асемгул және Съезхан Лена, Сахитхан Дамен ұстаздардың ұйымдастыруымен «Кел, ойланайық» атты сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптар бір оқушыдан қатысып, 1-орын Әсетқызы Мөлдір, 2-орын Нұрдыбекқызы Еңілік, 3- орын Болат Дана ие болды.
Апталақтың қорытындысы қасиетті жұма күні мектеп директоры Базархан Тілеубек, оқу ісінің меңгерушісі Оган Орнек, ғылыми істер жөнінде орынбасары Жакенова Гүлмира Дулатбековна және математика бірлестік ұстаздарының қатысуымен қорытындыланды. Апталаққа белсене қатысқан әр сынып, әр оқушы мадақтамалармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: Озгерис Асемгул