Текст
Бүгін Қоянды №1 жалпы орта мектебінде мектеп бітіруші9-11 сыныптар түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Биылғы оқу жылы қорытындысы бойынша11-сыныпты 75 оқушы тәмамдап, оның алтауы мектепті «Алтын белгімен» аяқтаса, 9-сыныпты 110 оқушы тәмамдап, оның ішінде12 оқушы мектепті «Үздік-қызыл» аттестатпен аяқтап, мектеп, ата-ана, мұғалімдер абыройын асқақтатып отыр. Мектеп бітіруші түлектерімізге ақжол, сәт-сапар тілейміз!