Текст
"Достық қолын ұсын” акциясы барысында ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Осы орайда Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Еріктілер“ тобы құрылып ауылымыздағы көмекке мұқтаж ата-әжелеріміздің үй шаруасындағы жұмыстарына көмектесіп, қыс мезгілінде пешке жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, қолқабыс етті.
https://www.instagram.com/reel/C2HqHvoIgNL/?igsh=MThmZWVseDRhcmMzOA==