Текст
Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі "ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗЫЛ АЙЫ" қоғамымен бірлесе отырып, пандемия уақытында көмекке мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Акцияда аз қамтылған, көп балалы, мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік таратылды. Мектеп жасындағы оқушыларға қажетті канцелярия берілді. Қайырымдылық шарасында 50 жанұя қамтылды. «Қазақстан Қызыл Жарты Ай» қоғамының ұжымына №1 Қоянды мектеп ұжымы алғысын білдіреді.