"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭССЕ "Ардақты ұстаз"

12.02.2021

ЭССЕ

«Ардақты ұстаз»

Еліміздің тарихында болған ардақты ұстаз, ұлт жанашыры, ел қалаулысы Бітібаева Қанипа Омерғалиқызы апамыз 1945 жылы дүние есігін Шығыс Қызықстан Обылысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал атты ауылда ашқан. Өз өмірін ұстаздық атты ұлы жолға арнаган жанашыл да жаңашыл ұстазымыз педагогикалық институтты ұлы Абай атамыздың кіндік қаны тамған еліміздің Семей атты қаласында тәмәмдаған. КСРО мемлекеттік сыйлығың иегері, “Құрмет” орденінің лауреаты, еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, құрметті академик және профессор.

Қазақ балаларының бүгіні мен болашағы үшін тер төккен апамыз ұрпақтың саналы білім алуына және өткенін ұмытпауына үлкен үлесін қосқан. Сонау КСРО заманында келешек ақын бабаларын біле жүрсін деп, оқу орындарына Абай туралы, Әуезов туралы оқу бағдарламаларын енгізген. Мысалға алатын болсақ: “Абайды таныту”, “Әуезов шығармаларын оқыту”, “Мектепте Абай гығармаларын оқыту” және тағы басқа әдістемелік құралдары болған. Ұлы ұстаздың ұстаздық техникасының өзі бір бөлек әңгіме. Тыңдап отырған оқырманды да, оқушыны да өз сөзіне баурай алып, білгенін аямай, қазақ халқының әдеби әрі бай тілін дамытып, әдебиетін дамытып, тіпті артынан ісін жалғастырушыларды қалдыра кеткен. Оның шәкірттері тіпті әдеби туындыларың көркемдік – эстетикалық дүниетанымын тереңдетіп, фольклор мұраларға дейін меңгерген.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда өзіндің ерекше тәсілдері болған. Білім алушыға мәліметті тек таныстырып қана қоймай, оны тереңдете отырып, білім алушыға сезіндіріп есінде қалдырған. Қанипа Бітібаева өзінің ерекше, жаңашыл ізденістерімен педагогика саласына үлкен үлсесін қосты. Шәкірттің қабылдау псизхологиясын зеріттеп, ерекше оқыту техникаларын ойлап тауып республикамыздың ғылым мен білім саласына үлес қосып, білім бері саласына жаңалық әкеліп, оның дамуына себепкер болған бірден бір кісі ол Қанипа апамыз. Оқыту тек қана нәтижелі емес соны мен қатар жемісті болып оны шәкірт ары қарай оқып, ой өрісін ашуға асық болатын.

Қанипа Бітібаеваның оқыту әдістері қазірге дейін өзекті. Оның әдістемелік құралдарын оқып, ұстаздық тәжірбиелерін арттырушы мұғалімдеріміз өте көп. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”- демекші, болашақ ұрпақтың саналы болуына, болашағымыздың жарқын болуына зор үлесін қосқан ұстаздың еңбегін бағалап, ұстаз жолын ары қарай жалғастыру бізждің қолымызда!

 

Қоянды №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы: Ұлан Сара

Жетекшісі: Кенжетай Бердігүл

Просмотров: 1260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст